4 күн бұрын
Соболенко әйелдер теннисіне қатысты өз ұстанымын айтты
Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко Пирс Морганмен болған сұхбатында трансгендер спортшылардың әйелдер жарыстарына қатысуы жөнінде пікір білдірді.
Белоруссиялық теннисші бұл мәселені талқылау өзіне қиын екенін айтса да, физикалық артықшылық әділетсіздікке алып келуі мүмкін деп есептейтінін жеткізді.
«Бұл тақырып туралы айту маған оңай емес. Менің олармен жеке басымда ешқандай қарсылығым жоқ, бірақ әйелдер теннисінде бұл тең емес жағдай тудырады деп ойлаймын», — деді Соболенко.
Айта кетейік, 28 желтоқсанда Дубайда Арина Соболенко австралиялық теннисші, 2022 жылғы Уимблдон финалисі Ник Кирьосқа қарсы көрсетілімдік матч өткізеді. Ұйымдастырушылар бұл кездесуді «жыныстар шайқасы» деп атады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас