4 күн бұрын

Елена Рыбакина 2026 жылы қай жарысқа қатысады?

Елена Рыбакина 2026 жылы қай жарысқа қатысады?

Қазақстанның үздік теннисшісі, WTA рейтингісінде 5-орында тұрған Елена Рыбакина Брисбенде (Аустралия) өтетін WTA 500 турниріне қатысуға өтінім берді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жарыс 4–11 қаңтар аралығында өтеді. Турнирге топ-10 қатарына кіретін басқа да теннисшілер қатысады. Мысалы, Арина Соболенко (1-орын), Аманда Анисимова (4-орын), Джессика Пегула (6-орын), Мэдисон Киз (7-орын), Мирра Андреева (9-орын) және Екатерина Александрова (10-орын) да растады.

Еске сала кетейік, Елена Рыбакина 2024 жылы Брисбен турнирінің чемпионы атанған.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас