3 күн бұрын

Қазақстан Сауд Арабиясында үстел теннисі турнирінде тоғыз медаль жеңіп алды

Қазақстан Сауд Арабиясында үстел теннисі турнирінде тоғыз медаль жеңіп алды

Қазақстан спортшылары Сауд Арабиясының Даммам қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық үстел теннисі турнирінде табысты өнер көрсетіп, тоғыз медальге ие болды.

U11 жас санатында жеке жарыста Аделя Алжанова екінші орынға, Шохина Миркодирова үшінші орынға шықты. U13 санатында алтын медаль Жания Бекмухамбетоваға бұйырды.

U15 жасөспірімдер санатында жеке жарыста екінші орын Алексей Маркинге берілсе, аралас жарыста:

  • Бірінші орын — Алексей Маркин мен Айназ Адильгереева
  • Екінші орын — Кирилл Берников пен Арайлым Сапабек
  • Үшінші орын — Дагир Данияров пен Жания Бекмухамбетова

U19 санатында аралас жарыста жеңімпаздар — Абдулла Мамай мен Алиса Цвигун, ал үшінші орынды Нурбол Токтамыс пен Елизавета Лаврова алды.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас