1 күн бұрын
Александр Бублик 2026 жылғы алғашқы турнирін анықтады
Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 11-орын) 2026 жылғы маусымдағы алғашқы жарысына қатысуға өтінім берді.
Бублик Гонконгта өтетін Hong Kong Tennis Open турнирінде өнер көрсетеді. Аталған жарыс 2026 жылдың 5–11 қаңтары аралығында өтеді және қазақстандық спортшы үшін жаңа маусымдағы алғашқы турнир болмақ.
Айта кетейік, бұл турнирге әлемнің үздік 20 теннисшісі қатарынан италиялық Лоренцо Музетти (8-орын), сондай-ақ ресейлік Андрей Рублев (16-орын) пен Карен Хачанов (18-орын) та қатысатынын растады.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы маусымда Александр Бублик ATP аясында төрт турнирде жеңіске жетті. Ол Галле (Германия), Гштаад (Швейцария), Кицбюэль (Австрия) және Ханчжоуда (Қытай) чемпион атанды. Сонымен қатар қазақстандық теннисші Туринде (Италия) өткен «челленджер» турнирінің жеңімпазы болды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас