3 күн бұрын

Флинк Рыбакинаның «Үлкен дулығадағы» мүмкіндіктерін жоғары бағалады

Флинк Рыбакинаның «Үлкен дулығадағы» мүмкіндіктерін жоғары бағалады

Америкалық спорт шолушысы әрі теннис тарихшысы Стив Флинк келесі маусымда қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның ойынындағы тұрақтылықты қайта тауып, «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі жеңістер қорын толықтырады деп үміттенетінін айтты.

Қазіргі таңда Рыбакинаның еншісінде Grand Slam турнирлеріндегі бір ғана титул бар — ол 2022 жылы Уимблдонда жеңіске жеткен.

— Мен алаңдаушылықтың орнын тыныштық басып, оның ең үздік теннисін қайта көрсететініне сенемін. Елена сабырлы күйде болғанда, дәл 2022 жылғы Уимблдон турниріндегідей, «Үлкен дулыға» жарыстарында жеңіске жетуге әбден қабілетті. Шын мәнінде, оның қазірдің өзінде екі-үш титулы артық болуы тиіс еді. Мүмкін, оның уақыты келесі жылы келер, әрі мен жыл соңында көрген оң өзгерістерді жалғастырады деп үміттенемін, — деді Флинк Court-Side with Beilinson Tennis YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Елена Рыбакина 2025 жылғы маусымды әлемдік рейтингтің бесінші сатысында аяқтады. Маусым барысында ол үш турнирде топ жарды: Страсбургте (Франция), Нинбода (Қытай) және Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WTA қорытынды турнирінде.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас