3 күн бұрын

Өзбекстан жаппай Ресей теннисшісін өз қатарына қосып жатыр

Өзбекстан жаппай Ресей теннисшісін өз қатарына қосып жатыр

Өзбекстан соңғы уақытта ресейлік теннисшілер спорттық азаматтығын ауыстыратын елдердің біріне айналып отыр, деп хабарлайды Sport12.kz

Бұған дейін күз айларында Мария Тимофеева Өзбекстан туының астында өнер көрсететінін мәлімдесе, қыстың алғашқы күні Камилла Рахимованың да құрама ауыстырғаны белгілі болды.

Енді бұл тізімге тағы бір теннисші қосылды. Вероника Кудерметованың сіңлісі, 22 жастағы Полина Кудерметова WTA ресми сайтында Өзбекстан атынан шығатын спортшы ретінде тіркелді. Әзірге ауысу туралы ресми хабарланбағанымен, ITF сайтында да оның аты-жөнінің қасында өзбек туы көрсетілген.

Қазіргі таңда Полина Кудерметова WTA рейтингінде 104-орында тұр. 2025 жыл ол үшін ең жоғары деңгейдегі алғашқы маусым саналады. Бұған дейін ол негізінен «челленджер» санатындағы турнирлерде бақ сынаған.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас