1 күн бұрын
Рыбакина Ресейдің мүмкіндігінен айырды
Tennis365.com сайтының журналисті Юэн Уэст теннисші Елена Рыбакина 2018 жылы ресейлік азаматтықтан қазақстандыққа өткенін бағалады.
«Мәскеуде туған Елена Рыбакина 2018 жылы азаматтықты ауыстырып, Қазақстан атынан өнер көрсете бастады, ал бұған дейін өз Отаны үшін ойнаған болатын. 2022 жылғы Уимблдон жеңімпазына Қазақстан туы астында өнер көрсетуге қаржылай қолдау, инфрақұрылымға қол жеткізу ұсынылды, ал Ресейде ол ешқандай қаржылық қолдау алмады.
Рыбакина Қазақстанға ауысқанына жеті жылдан асты, ал Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін 2022 жылы оннан астам ресейлік теннисші азаматтықты өзгертуге шешім қабылдады. Қазіргі уақытта әлемдік рейтингте бесінші орын алған Рыбакина ресейлік командада өнер көрсеткенде ең жоғары рейтингтегі ойыншы болуы мүмкін еді», — деп жазылған мақалада.
Айта кетейік, жақында Ресей теннис федерациясының президенті Шамиль Тарпищев Елена Рыбакина «Мәскеуде тұрады» және әлі де Ресей азаматы екенін, сонымен қатар «спорттық азаматтығы» бар екенін мәлімдеген еді. Ал Қазақстан теннис федерациясы бұл мәлімдемені жоққа шығарып, Елена тек Қазақстан азаматтығына ие екенін, РК-да «спорттық азаматтық» деген түсінік ресми түрде жоқ екенін атап өтті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас