19 сағат бұрын

Аустралия ашық чемпионатына баратын қазақстандық теннисшілер анықталды

Аустралия ашық чемпионатына баратын қазақстандық теннисшілер анықталды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Мельбурн қаласында 24 қаңтар - 1 ақпан аралығында жасөспірімдер арасында өтетін Аустралия ашық чемпионатына қатысушылар тізімі жарияланды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстаннан негізгі жарыста үш жас теннисші бақ сынайды.

Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 24-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы Аустралия чемпионатында 10-ракетка болып тіркелген. Сондай-ақ жасөспірімдер арасында әлемнің 60-ракеткасы Дамир Жалғасбай және рейтингіде 94-сатыдағы Даниэль Тазабеков өнер көрсетеді.

Заңғар, Дамир және Даниэль өткен жылы командалық әлем чемпионаты - жасөспірімдер арасында Дэвис кубогінің финалдық кезеңінде ел намысын қорғаған еді. Онда әлемнің төрт дүркін чемпионы Францияны жеңіп, 5-орынға табан тіреген болатын.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас