4 күн бұрын
Петропавлда жаңғыртылған теннис орталығы ашылды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Петропавлда күрделі жөндеуден кейін теннис орталығы ашылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Енді нысан халықаралық талаптарға толық сай келеді. Оның ашылу рәсіміне Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев пен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты.
Ашылу рәсімінен кейін жаңартылған корттарда алғашқы жарыс – әкім кубогы бастау алды. Турнирге Астана, Алматы, Көкшетау және Қарағанды қалаларынан 64 жас теннисші қатысуда.
Диас Досқараевтің сөзіне қарағанда, 2026 жылы 12 қаңтарда орталық базасында 15 елден спортшылардың қатысуымен екі халықаралық турнир өткізу көзделіп отыр. Қазіргі кезде орталықта 300-дей адам жаттығуда
«Бұл тарихи қадам, мұнда біз балалардың 1-3 сыныптан бастап тенниспен айналысуына жағдай жасаймыз. Жаттығу үдерісін жолға қойғымыз келеді, аптасына үш рет оқушылар бір сағат бойы айналысады, содан кейін фестивальді тоқсан сайын өткізуге көшеміз. Теннис орталығының балалары турнирлерге қатысатын болады. Содан кейін осы жеткіншектер республикалық, сондай-ақ халықаралық жарыстарда бақ сынайды», деді Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас