2 күн бұрын

Бублик 2025 жылғы табысының басты себептерін атады

Бублик 2025 жылғы табысының басты себептерін атады

Қазақстандық теннисші Александр Бублик 2025 жылғы табысты өнер көрсетуіне әсер еткен негізгі себептерді айтты. Оның сөзінше, прогресс бірнеше фактордың жиынтығының нәтижесі болған — корттағы өзгерістер, психологиялық дайындық және корттан тыс өміріндегі жаңалықтар.

— Бұл, бәлкім, теннистік әрі менталдық факторлардың, сондай-ақ корттан тыс өмірімдегі кейбір өзгерістердің жиынтығы шығар. Рейтингтегі төмендеу де үлкен рөл атқарды. Бұл мені әр матчқа бұрынғыдан да жауапкершілікпен қарауға итермеледі. Себебі рейтингтің төменгі сатысында тұрған кезде әрбір жеңістің бағасы арта түседі, — деді Бублик.

Теннисшінің айтуынша, рейтингтегі 80-орын шамасында жүрген кезеңі оған ерекше әсер еткен. Сол уақытта ол турнирлерге іріктеу кезеңі арқылы қатысуға мәжбүр болған.

— Мен екі рет іріктеу матчтарын ойнадым және бұл маған мүлде ұнамады. Бұл — мен өзімді көретін деңгей емес. ATP-500 немесе «Мастерс» турнирлерінің іріктеуінде ойнамағаныма кемінде жеті жыл болған. Әрине, бұл жағдай менің менмендігіме белгілі бір деңгейде соққы болды, бірақ дәл осы сәт мені серпілтіп, әр ойынға аса жауапкершілікпен қарауға үйретті, — деп атап өтті спортшы.

Александр Бублик бұл кезең оның психологиялық тұрғыда қайта қалыптасуына үлкен әсер еткенін айтты. Оның сөзінше, рейтингтегі жоғары орындарға қайта оралуы дайындыққа деген көзқарасын өзгертіп, әр матчтың маңызын терең түсінуімен тікелей байланысты.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас