2 күн бұрын
Елена Рыбакина жаңа маусымға дайындықты бастады
Қазақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина (WTA рейтингісінде 5-орын) жаңа маусым алдындағы дайындықтарын Дубайдағы (БАӘ) академиясында қайта бастады.
Қазақстандық спортшы мен оның командасының кордтағы жаттығу сәттерін көрсететін суреттер әлеуметтік желіде жарияланды.
Рыбакина 4–11 қаңтар аралығында Австралияның Брисбен қаласында өтетін WTA 500 турниріне қатысады. Естеріңізге салсақ, 2025 маусымында Елена екі WTA 500 турнирінде жеңіске жеткен: Франциядағы Страсбург және Қытайдағы Нинбо қалаларында. Сондай-ақ, ол Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WTA-2025 жылдық қорытынды турнирінің жеңімпазы атанды. Шешуші матчта қазақстандық спортшы әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы жеңіп, тамаша ойын көрсетті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас