13 сағат бұрын

Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы турнирле жеңімпаз атанды

Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы турнирле жеңімпаз атанды

Фото: Қазақстан ҰОК

Қазақстандық теннисшілер Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай Түркияның Анталья қаласында өткен ITF W15 сериясындағы турнирдің жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Финалда отандастарымыз Армения өкілі Ани Амирагян мен түркиялық Ада Кумру жұбынан басым түсіп, кездесуді 5:7, 6:4, 11:9 есебімен аяқтады.

Асылжан мен Іңкәр үшін бұл - ITF санатындағы ересектер арасындағы әйелдер турында бірге жеңіп алған екінші титул. 2025 жылдың жазында қазақстандық жұп Астанада өткен ITF W15 турнирінде де топ жарған болатын.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас