5 күн бұрын

Рыбакина әлемнің үздік үштігіне енуі мүмкін

Рыбакина  әлемнің үздік үштігіне енуі мүмкін

Tennisuptodate.com сайты алдағы жылдың басында ірі жетістіктерге жетіп, әлемдік рейтингтің үздік үштігіне енуге ең жоғары мүмкіндігі бар теннисшілер туралы мәлімет жариялады.

Мақала авторы Лукас Михаэльдің пікірінше, алдағы маусымның басты фавориттерінің бірі — әлемнің бесінші ракеткасы, Қазақстан өкілі Елена Рыбакина.

«Топ-3-ке ұмтылып жүрген тек Аманда Анисимова ғана емес. Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанудың не екенін бұрыннан біледі — ол бұл деңгейге 2023 жылы Australian Open турнирінің финалына шыққаннан кейін жеткен. “Үлкен дулыға” турнирінің тағы бір финалы оған қазіргі бесінші орыннан әлдеқайда жоғары позицияларға көтерілуге мүмкіндік беруі мүмкін.
WTA қорытынды турниріндегі сенімді өнерінен кейін Рыбакина маусымның алғашқы “шлемінің” басты фавориттерінің бірі саналады. Оның үстіне, өткен жылғы нәтиже бойынша ол тек төртінші айналымды қорғауы тиіс», — делінген мақалада.

Еске салайық, 2026 жылғы алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі қаңтар–ақпан айларында өтеді. Ол — Австралияның ашық чемпионаты.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас