6 күн бұрын

Рыбакинаның жеңілісі 2025 жылдың басты сенсациясы атанды

Рыбакинаның жеңілісі 2025 жылдың басты сенсациясы атанды

Танымал спорттық портал Sportskeeda.com 2025 жылы теннисте болған ең үлкен сенсацияларды атаған материал жариялады. Бірінші орынға қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның канадалық жас ойыншы Виктория Мбокодан Монреаль турнирінде алған жеңілісі қойылды.

Сәуірде Елена мен Виктория Canadian Open турнирінің жартылай финалында кездескен. Сол матчта Мбоко апсет жасап, Рыбакинаны үш драмалық сетте жеңді — 1:6, 7:5, 7:6.

«Бірінші сетте 1:6 есебімен жеңілген кезде Мбоконың шаршағаны байқалды. Алайда жас канадалық ойыншының күреске деген рухы толықтай көрінді. Ол матч-болды сақтап, Рыбакинаны үш сетте жеңді. Осы жеңісінен кейін Мбоко финалда Наоми Осаканы жеңіп, мансабындағы ең үлкен трофейді жеңіп алды. Көп матчтарда ол аутсайдер болып көрінгенімен, тәжірибелі ойыншы сияқты ойнап, бірнеше үздік қарсыластарын жеңді», — делінген мақалада.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас