6 күн бұрын

Үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының шешуші туры басталды

Үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының шешуші туры басталды

Фото: Қазақстан ҰОК

26 желтоқсанда Қарағанды қаласында үстел теннисінен Суперлигадағы ашық командалық Қазақстан чемпионатының шешуші туры басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Еліміздің және шетелдің үздік клубтары алтын медальдар мен маусым қорытындысындағы жоғары орындар үшін бақ сынауда.

12 клубтың ішінде жеңіске негізгі үміткерлер қатарында Altay Pro (Өскемен) және «Қарағанды-1» УГМК (Свердлов облысы, Ресей) командалары бар.

Турнир Saryarka үстел теннисі орталығында өтіп жатыр.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас