3 күн бұрын

Елена Рыбакина Қазақстанның жыл спортшысы атанды

Елена Рыбакина Қазақстанның жыл спортшысы атанды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Елена Рыбакина Қазақстанның жыл спортшысы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.

«Спорт Шрёдингера» редакциясының нұсқасы бойынша еліміздің бірінші ракеткасы халықтық дауыс беруде көш бастап, тартысты додада атақты боксшылар Назым Қызайбай мен Алуа Балқыбековадан озып шықты. 

2025 жыл Рыбакина үшін нағыз жігер мен жеңістің жылы болды: әлемдік топ-10 тізімінен уақытша шығып қалғанына қарамастан, ол үш рет чемпиондық кубокты төбесіне көтеріп, әлемнің ең үздік бес теннисшісінің қатарында аяқтады.

 Жеке жетістіктері:

Қорытынды турнирдің финалында Арина Соболенконы жеңіп, «Эйстар патшайымы» мәртебесін иеленді.

Страсбург пен Нинбодағы чемпиондық титулдар және әлемдік рейтингтің ТОП-5 тізіміндегі тұрақты орны.

Ұлттық құрамадағы табысы:

Брисбендегі Билли Джин Кинг кубогында құрамаға екі маңызды жеңіс сыйлау үшін Штутгарттағы жеке турнирден бас тартты.

United Cup: Ұлттық құрама сапында Австралияда өткен тарихи жартылай финал.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас