1 күн бұрын
Бес қазақстандық теннисші Australian Open турниріне қатысады
Фото: Қазақстан ҰОК
Аустралияның Мельбурн қаласында әлемдегі ең беделді жарыстардың бірі - Australian Open-2026 турнирінің іріктеу кезеңі басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл кезеңде Қазақстан құрамасынан Дмитрий Попко өнер көрсетті. Алайда ол алғашқы айналымда Маккензи Макдональдқа (АҚШ) есе жіберді.
Нәтижесінде турнирдің негізгі кезеңінде Қазақстан атынан бес теннисші бақ сынайды. Елена Рыбакина, Александр Бублик, Александр Шевченко, Зарина Дияс және Юлия Путинцева жеңіс пен рейтингтік ұпайлар үшін күреседі.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!