1 күн бұрын

Бублик Роттердамдағы ірі турнирге қатысады

Бублик Роттердамдағы ірі турнирге қатысады

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 10-орын) Нидерландтың Роттердам қаласында өтетін беделді турнирге қатысуға өтінім берді.

ABN AMRO Open 2026 турнирі 9–15 ақпан аралығында өтеді. Жарысқа әлемнің үздік теннисшілері қатысады. Атап айтқанда, турнирде әлемнің бірінші ракеткасы Карлос Алькарас (Испания), үшінші орында тұрған Александр Зверев (Германия), алтыншы сатыдағы Алекс де Минаур (Аустралия) және жетінші ракетка Феликс Оже-Альяссим (Канада) өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Александр Бублик жаңа маусымды сәтті бастады. Ол Гонконгта өткен турнирде чемпион атанып, Қазақстан тарихында алғаш рет ATP рейтингінің жекелей сында топ-10 қатарына енген теннисші атанды.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!