24 сағат бұрын

Бейбіт Жұқаев Таиландтағы турнирде жарыс жолынан шықты

Бейбіт Жұқаев Таиландтағы турнирде жарыс жолынан шықты

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Таиландтың Нонтхабури қаласында өткен ATP Challenger турниріндегі өнерін аяқтады.

1/8 финал кезеңінде әлемнің 265-ракеткасы атанған қазақстандық спортшы франциялық Флоран Бакске (ATP №288) жол берді. Кездесу 1 сағат 30 минутқа созылып, екі сетте аяқталды.

Алғашқы сетте Бейбіт Жұқаев өз геймін екі мәрте беріп қойып, 2:6 есебімен жеңілді. Екінші партияда ойын тартысты болғанымен, матчтың барысын өзгерту мүмкін болмады — 4:6.

Осылайша, Бейбіт Жұқаев Нонтхабуриде өткен турнирдің ширек финалына шыға алмады.

Айта кетейік, 2025 жылы Бейбіт Жұқаев Уимблдон турнирінің негізгі кезеңінде ойнаған алғашқы этникалық қазақ ретінде тарихта қалды.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!