20 сағат бұрын

Путинцева WTA 500 турнирінің ширек финалына өте алмады

Путинцева WTA 500 турнирінің ширек финалына өте алмады

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 105-орын) Аделаидада (Аустралия) өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің 1/8 финалында жеңіліс тапты.

Путинцеваның қарсыласы америкалық теннисші Эмма Наварро (15-орын) болды. Кездесу екі сетке созылып, қазақстандық спортшы 1:6, 4:6 есебімен жеңілді. Матч 1 сағат 25 минутқа жалғасты.

Осылайша, Эмма Наварро жарыстың ширек финалына жолдама алып, келесі кезеңде ресейлік теннисші Диана Шнайдермен (23-орын) кездеседі.

Айта кетейік, Аделаидадағы турнирдің жалпы жүлде қоры 1,2 миллион АҚШ долларынан асады.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!