16 сағат бұрын
Australian Open турниріне баратын Қазақстан құрамасы анықталды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Аустралияның Мельбурн қаласында теннистен Australian Open турниріне баратын Қазақстан ересектер және жасөспірімдер құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
18-28 қаңтар аралығында өтетін ересектер арасындағы Australian Open турнирінде негізгі кезеңінде төмендегі спортшылар бақ сынайды: Александр Бублик, Александр Шевченко, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Анна Данилина Зарина Дияс (wild card)
Ал жасөспірімдер арасындағы Australian Open Junior Championships турнирі 24 қаңтар-1 ақпан ақпан аралығында өткізіледі. Онда Заңғар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай және Даниэль Тазабеков сайысқа түседі.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!