12 сағат бұрын
Александр Шевченко Аустралиядағы турнирде ширек финалға шықты
Фото: Қазақстан ҰОК
Қазақстан құрамасының теннисшісі Александр Шевченко Аустралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің жартылай финалына шығу үшін сынға түседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыз жекелей сайыстың 1/8 финалында Венгрия өкілі Мартон Фучовичпен кездесті. Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 55-орында тұрған қарсыласын 6:3, 7:6 есебімен ұтты.
Енді Александр Шевченко жартылай финалға шығу үшін әлемнің 36-ракеткасы, Франция спортшысы Уго Умбермен кездеседі.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!