18.01.2026
Юлия Путинцева Australia Open-де камбэк жасады
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 105-орын) 2026 жылғы Аустралияның ашық чемпионатындағы алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бірінші айналымда Путинцева бразилиялық Беатрис Аддад Майямен (59-орын) кездесіп, оны үш сетте жеңді — 3:6, 7:5, 6:3. Шешуші сетте қазақстандық теннисші 1:3 есебімен ұтылып жатқанымен, камбэк жасап, кездесуді өз пайдасына аяқтады. Матч 2 сағат 55 минутқа созылды.
Еске сала кетейік, биылғы маусымдағы алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі басталар алдында Юлия Путинцева Брисбен мен Аделаидада (Аустралия) өткен турнирлерге қатысты.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов