3 күн бұрын

Қазақстан құрамасының Билли Джин Кинг кубогындағы қарсыласы анықталды

Қазақстан құрамасының Билли Джин Кинг кубогындағы қарсыласы анықталды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Лондон қаласында Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Sport12.kz

Финалдық кезеңге жолдама алу үшін Қазақстан әйелдер құрамасы Астанада 2023 жылғы әлем чемпиондары Канада құрамасымен ойнайды.

Кездесулер 2026 жылдың 10 және 11 сәуірінде Астанадағы Beeline Arena ұлттық теннис орталығында өтеді.

Өзге құрамалардың ойын кестеі

Италия - Жапония

АҚШ - Бельгия

Ұлыбритания - Аустралия

Испания - Словения

Чехия - Швейцария

Польша - Украина






Біздің серіктес: Бізге тіркел!