2 күн бұрын

Қазақстандық теннисшілер Australian Open–2026 турнирін ерте аяқтады

Қазақстандық теннисшілер Australian Open–2026 турнирін ерте аяқтады

Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Александр Недовесов Australian Open–2026 турнирінің жұптық сынындағы алғашқы матчында жеңіліске ұшырады.

1/32 финал кезеңінде қазақстандық дуэт аргентиналық Томас Мартин Этчеверри мен Камило Уго Карабельиден құралған жұппен кездесті. Кездесу нәтижесінде Латын Америкасы өкілдері екі сетте — 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Андрей Голубев пен Александр Недовесов маусымның алғашқы «Үлкен дулыға» турниріндегі өнерін жарыстың бастапқы кезеңінде аяқтады.

Айта кетейік, қазіргі таңда Голубев пен Недовесов ATP рейтингінің жұптық санатында тіркелмеген. Андрей Голубев 2024 жылы кәсіби мансабын аяқтағанын жариялағанымен, кейін қайтадан кортқа оралу туралы шешім қабылдаған.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!