2 күн бұрын

Бублик пен Шевченко жұптық сында жеңіліс тапты

Бублик пен Шевченко жұптық сында жеңіліс тапты

Қазақстан өкілдері Александр Бублик пен Александр Шевченко Australian Open–2026 турнирінің жұптық сынындағы алғашқы айналымында өнер көрсетті.

Жарыстың стартында қазақстандық дуэтке бразилиялық Марсело Демолинер мен Нидерланд өкілі Жан-Жюльен Ройер қарсы тұрды. Кездесу небәрі 59 минутқа созылып, қарсыластардың айқын басымдығымен аяқталды — 6:3, 6:2.

Осылайша, Бублик пен Шевченко маусымның алғашқы «Үлкен дулыға» турниріндегі жұптық бәсекені бірінші кезеңде аяқтады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Australian Open–2026 турнирінің жұптық жарысынан қазақстандық тағы бір жұп — Андрей Голубев пен Александр Недовесов та шығып қалған еді. Олар аргентиналық Томас Мартин Этчеверри мен Камило Уго Карабельеден — 3:6, 4:6 есебімен жеңілді.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!