2 күн бұрын

Рыбакина Australian Open-2026 турнирін жеңіспен бастады

Рыбакина Australian Open-2026 турнирін жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің бесінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Australian Open–2026 додасындағы өнерін сәтті бастады.

Мельбурнде өткен турнирдің алғашқы айналымында қазақстандық спортшы словениялық Кайя Юванмен кездесіп, екі сетте жеңіске жетті — 6:4, 6:3. Кездесу 1 сағат 12 минутқа созылды.

Бұл жеңіс Рыбакина үшін маусым басынан бергі бесінші жеңіс болып, оған турнирдің 1/32 финалына жолдама сыйлады.

Келесі айналымда Елена Рыбакина чехиялық теннисшілер — Линда Фрухвиртова (WTA №132) мен Тереза Валентова (WTA №54) арасындағы матчтың жеңімпазымен кортқа шығады.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!