2 күн бұрын
Қазақстан U18 қыздар арасындағы әлем чемпионатында көш бастады
Қазақстан U18 қыздар хоккей құрамасы әлем чемпионатында алғашқы ойын күнінен кейін турнир кестесінің басына шықты. Турнир Түркияның Стамбул қаласында IIA дивизионында өтіп жатыр.
Бастапқы кездесуде Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландия командасын 13:2 есебімен жеңіп, ойын көрсеткіштері бойынша көшбасшы атанды. Ал бірінші ойын күнінің қалған матчтарында Нидерланд командасы турнирдің иесі Түркияны 3:0 жеңсе, Оңтүстік Корея Латвияны 3:2 есебімен жеңді.
Қазақстандық хоккейшілер бүгін, 21 қаңтарда, екінші матчта Латвия құрамасымен кездеседі. Ойын сағат 15:00-де қазақстан уақытымен басталады.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!