2 күн бұрын

Үстел теннисінен отандастарымыз WTT Youth Contender турнирінде жүлде алды

Үстел теннисінен отандастарымыз WTT Youth Contender турнирінде жүлде алды

Бахрейннің Манама қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирі аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz

Аталған жарыста Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды.

U11 жас санатында қыздар арасындағы жекелей сында Адель Вебер күміс жүлдеге ие болды.

Ал U19 жас санатындағы аралас жұптық сайыста қазақстандық спортшылар Қадырғали Қабдылуахитов пен Нұрислам Қасым қола жүлде алды.

Қабдылуахитов жарыста У Ин Сюаньмен (Қытайлық Тайбэй) бірге өнер көрсетсе, Қасым Пэе Ю-Ханмен (Қытайлық Тайбэй) бірге ойнады.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!