1 күн бұрын
Юлия Путинцева Australian Open-де үшінші айналымға шықты
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Australian Open–2026 турниріндегі өнерін сәтті жалғастырып жатыр.
Әлемдік WTA рейтингінде 94-орында тұрған Путинцева жарыстың екінші айналымында Франция өкілі Эльза Жакмомен (№59) кездесіп, қарсыласын екі сетте айқын басымдықпен жеңді — 6:1, 6:2.
Осылайша, Юлия Путинцева турнирдің үшінші айналымына жолдама алып, Australian Open-дегі өзінің ең үздік нәтижесін қайталады. Бұған дейін ол бұл кезеңге төрт мәрте жеткен болатын.
Еске сала кетейік, қазақстандық теннисші турнирді Бразилия спортшысы Беатрис Аддад Майяны (№61) жеңумен бастаған еді — 3:6, 7:5, 6:3.
Айта кетейік, Australian Open–2026 турнирінің жалпы жүлде қоры 74,9 миллион долларды құрайды. Чемпион атанған теннисші 2 793 365 доллар сыйақы мен 2000 рейтингтік ұпай иеленеді.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!