23 сағат бұрын
Юлия Путинцеваның тарихи кездесудегі қарсыласы анықталды
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде – 94-орын) Australian Open-2026 турнирінің үшінші айналымында кіммен ойнайтыны белгілі болды.
1/16 финалында Қазақстан өкілі Түркиядан келген Зейнеп Сенмезбен (112-орын) кездеседі. Сенмез бүгін таңғы сағатта Астана уақыты бойынша екі сетте Венгрия спортшысы Анна Бондарды (74-орын) 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Матч 23 қаңтарда өтеді деп күтілуде.
Естеріңізге салсақ, Юлия Путинцева екінші айналымда француз Эльза Жакмоны (59-орын) 6:1, 6:2 есебімен жеңіп, турнирдің үшінші раундына шыққан еді. Бұл оның Australian Open турниріндегі ең үздік көрсеткіші болып табылады. Егер Сенмезден жеңсе, Путинцева Мельбурнда өз тарихында ерекше нәтижеге қол жеткізеді.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!