21 сағат бұрын

Шевченко Мельбурндағы турнирден ерте шығып қалды

Шевченко Мельбурндағы турнирден ерте шығып қалды

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Australian Open-2026 турнирінен шығып қалды.

Екінші айналым матчында әлемнің 97-қатысушысы америкалық Лернер Тиенге қарсы ойында жеңіліс тапты — 2:6, 7:5, 1:6, 0:6. Кездесу 2 сағат 4 минутқа созылды.

Айта кетейік, Australian Open-2026 Мельбурнде 18 қаңтардан 1 ақпанға дейін өтіп жатыр. Негізгі кезеңге 128 спортшы қатысты.

Қазіргі чемпион — итальяндық Янник Синнер, ол финалда неміс теннисшісі Александр Зверевті 6:3, 7:6, 6:3 есебімен жеңген.

Турнирдің жалпы жүлде қоры — 74,9 млн доллар, бұл 2025 жылмен салыстырғанда 16% артық және турнир тарихындағы ең ірі жүлде қоры болып отыр.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!