19 сағат бұрын

Қазақстан теннис федерациясы 2025 жылды қорытындылады

Қазақстан теннис федерациясы 2025 жылды қорытындылады

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Астанада Қазақстан теннис федерациясының 2025 жылға арналған есеп беру конференциясы өтті, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Екі күн бойы қатысушылар өткен жылдың нәтижелерін саралап, балалар мен жасөспірімдер теннисін жүйелі дамыту, өңірлік бастамалар, бапкерлердің кәсіби дамуы, инклюзивті жобалар, сондай-ақ маркетинг пен коммуникацияның заманауи бағыттарын талқылайды.

Конференция жұмысына Федерация басшылығы, бағдарламалар менеджерлері, филиал жетекшілері және әр аймақтардан келген бас бапкерлер қатысуда. Жиында ұсыныстар мен жоспарлар және алда атқарылатын жұмыстар талқыланып жатыр.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!