19 сағат бұрын

Бублик Аустралия ашық чемпионатында үшінші айналымға шықты

Бублик Аустралия ашық чемпионатында үшінші айналымға шықты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Бублик Аустралия ашық чемпионатында сенімді түрде алға басып келеді, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына жолдама алды.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 54-ракеткасы, мажарстандық, 33 жастағы Мартон Фучовичпен шеберлік байқасты.

Екі сағат 14 минутқа созылған бәсекеде А.Бублик 12 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Фучович 6 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.

Александр Бублик төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 62-ракеткасы, аргентиналық Томас Мартин Этчеверримен таласады.


 


Біздің серіктес: Бізге тіркел!