3 күн бұрын
Елена Рыбакина Australian Open жарысының келесі кезеңіне өтті
Уимблдон-2022 чемпионы, әлемнің бесінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Sport12.kz
Екінші айналымда ол Франция өкілі Варвара Грачёваны (рейтингте 77-орын) 7:5, 6:2 есебімен жеңді.
Осылайша, Елена Рыбакина жарыстың 1/16 финалына жолдама алып, чехиялық спортшы Тереза Валентовамен (54-орын) кездеседі.
Еске сала кетейік, Australian Open-2026 турнирі Мельбурн қаласында 18–31 қаңтар аралығында өтуде. Турнир жеңімпазы 2 793 365 АҚШ долларын және рейтингке 2000 ұпай иеленеді.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов