2 күн бұрын
Юлия Путинцева Australian Open-2026 1/8 финалына шықты
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (94-орын) Australian Open-2026 турнирінің үшінші айналымында керемет ойын көрсетті.
1/16 финалда Путинцева Түркиядан келген Зейнеп Сенмезбен (112-орын) кездесіп, 2 сағат 36 минутқа созылған драмалық матчта үш сеттен кейін жеңіске жетті — 6:3, 6:7 (3:7), 6:3.
Осылайша Юлия мансабында алғаш рет Australian Open-дың 1/8 финалына шықты. Бұған дейін оның ең үздік нәтижесі үшінші айналым болып есептелетін. Жартылай финалға шығу үшін Путинцева америкалық Ива Йович (27-орын) пен итальяндық Жасмин Паолини (8-орын) арасындағы жеңімпазбен ойнайды.
Еске салсақ, Australian Open-2026 турнирі 31 қаңтарға дейін өтеді. Әйелдер арасындағы басты жүлдені жеңген ойыншы 2 793 365 доллар мен 2000 рейтинг ұпайын алады.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!