4 сағат бұрын
Путинцеваның Australian Open-2026 ширек финалындағы қарсыласы белгілі болды
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Australian Open-2026 турнирінің 1/8 финалында ойнайтын қарсыласын анықтады. Ширек финал жолдамасы үшін ол АҚШ өкілі, 18 жастағы Ива Йовичпен кортқа шығады.
Йович үшінші айналымда әлемнің сегізінші ракеткасы, италиялық Жасмин Паолиниді екі сетте жеңді — 6:2, 7:6 (7:3). Кездесу 1 сағат 48 минутқа созылды.
Айта кетейік, Юлия Путинцева бұған дейін түркиялық Зейнеп Сенмезді үш сетке созылған тартысты матчта жеңіп, мансабында алғаш рет Australian Open турнирінің 1/8 финалына шыққан еді.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!