1 күн бұрын

Рыбакина Australian Open-2026 түрнирынан шығып қалуы мүмкін

Рыбакина Australian Open-2026 түрнирынан шығып қалуы мүмкін

Lastwordonsports.com сайтының журналисі Джордан Рейнольдс Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакинаның (WTA рейтингінде 5-орын) Australian Open-2026 турнирінің үшінші айналымында жеңіліп қалуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Журналистің болжамынша, Рыбакина 18 жастағы чехиялық теннисші Тереза Валентоваға (WTA №54) есе жіберуі мүмкін.

— Мен сенсациялық нәтижені күтемін. Валентованың ойын стилі Рыбакинаны шатастырып, оны алға шығуға мәжбүрлей алады. Бұл — оны жеңудің маңызды кілті. Сонымен қатар, қазақстандық теннисші «Үлкен дулыға» турнирлерінде жиі жеңіліп жатады. Менің болжамым — Валентованың үш сеттегі жеңісі, — деп жазады Рейнольдс.

Айта кетейік, Рыбакина — Валентова кездесуі сенбі күні, 24 қаңтарда өтеді.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!