1 күн бұрын
Қазақстандық теннисші турнирді сенімді жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Australian Open-2026 турнирінде алғашқы матчын өткізді.
1/32 финалда Зангар Нұрланұлы (ATP рейтингінде 1782-орын) тайландтық Кунанан Пантараторнмен (1785-орын) кездесті. Кездесу екі сетте аяқталып, Заңғар жеңіске жетті — 6:2, 6:1.
Айта кетейік, турнирде Заңғар Нұрланұлы сегізінші номермен посевке іріктелген.
Бүгін жасөспірімдер арасындағы AO-2026 турнирінде тағы бір қазақстандық Даниэль Тазабеков (ATP рейтингінде 1945-орын) өз матчын өткізеді — ол швейцариялық Флинн Томаспен (1717-орын) кездеседі.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!