19 сағат бұрын

Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің үшінші айналымына өтті

Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің үшінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің үшінші айналымына шықты.

Екінші кезеңде Рыбакина франциялық Варвара Грачёваны аса қиындықсыз жеңді — 7:5, 6:2. Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды.

Үшінші айналымда қазақстандық спортшы Чехия өкілі Тереза Валентовамен кортқа шығады.

Айта кетейік, Australian Open-2026 турнирі 18 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтуде. Қазіргі чемпиондар — италиялық Янник Синнер және АҚШ өкілі Мэдисон Киз.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!