1 күн бұрын

Australian Open-2026: Путинцева жарыстан шығып қалды

Australian Open-2026: Путинцева жарыстан шығып қалды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Australian Open-2026 жарысының төртінші айналымында жеңіліп, турнирден шығып қалды. Ол АҚШ өкілі Ива Йовичке екі сетте жол берді — 0:6, 1:6.

Кездесу небәрі 53 минутқа созылды. Матч барысында Путинцева бірде-бір эйс жасай алмады және брейк-пойнттардың тек біреуін ғана сәтті пайдаланды.

Осылайша, Юлия Путинцева Melbourne-де өтіп жатқан маусымның алғашқы «Үлкен дулыға» турнирін төртінші айналымда аяқтады.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!