1 күн бұрын
Қазақстанның бірінші ракеткасы камбэкпен ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Australian Open-2026 турниріндегі сәтті өнерін жалғастыруда. Жұптық сында ел намысын қорғап жүрген Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге ширек финалға жолдама алды.
1/8 финал кезеңінде қазақстандық-сербиялық дуэт австралиялық Сторм Хантер мен Майя Джойнтқа қарсы ойнап, екі сетте жеңіске жетті — 7:5, 7:6 (8:6). Айта кетейік, алғашқы сетте Данилина мен Крунич 2:5 есебімен ұтылып жатқанымен, камбэк жасап, партияны өз пайдасына аяқтады.
Матч 2 сағат 13 минутқа созылды. Осылайша, Анна Данилина мен Александра Крунич Australian Open-2026 турнирінің ширек финалына шықты. Бұл кезеңде олар чехиялық Катерина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсенд жұбымен кездеседі.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!