22 сағат бұрын
Бублик Australian Open-да 1/8 финалда жарысты тоқтатты
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Australian Open-2026 турниріндегі өнерін 1/8 финал кезеңінде аяқтады.
Ширек финалға шығу үшін өткен матчта әлемнің 10-ракеткасы Бублик австралиялық теннисші, әлемдік рейтингте алтыншы орында тұрған Алекс де Минорға жол берді. Кездесу үш сетке созылып, алаң иесінің пайдасына — 6:4, 6:1, 6:1 есебімен аяқталды.
Жеңіліске қарамастан, Александр Бублик турнир барысында сенімді ойын көрсетіп, мансабында алғаш рет Australian Open жарысының төртінші айналымына әлемнің үздік ондығындағы теннисші ретінде жетті.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!