3 сағат бұрын
Курманғалиев Дохадан екі қола медальмен оралды
Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Дохада өткен WTT Youth Star Contender халықаралық турнирінде жеке және жұптық сында қола медальға ие болып, екі мәрте жүлдегер атанды.
Құрманғалиев жеке сында бес жеңіске жетіп, жартылай финалға дейін жетті. Финалға шығу үшін өткен матчта ол жастар арасындағы әлем чемпионатының командалық жарысында күміс жүлдегер болған үндістандық Абхинандху Прадхивадхиға есе жіберді. Нәтижесінде қазақ спортшысы қола медальмен марапатталды.
Сонымен қатар, Құрманғалиев жұптық сында да podium-ға көтерілді. Ол литвалық теннисші Игнас Сисановаспен жұптасып, турнирді үшінші орында аяқтады.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!