2 сағат бұрын

Заңғар Нұрланұлы Аустралия ашық чемпионатында үшінші кезеңге шықты

Заңғар Нұрланұлы Аустралия ашық чемпионатында үшінші кезеңге шықты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Еліміздің 18 жасқа дейінгі бірінші ракеткасы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Аустралия ашық чемпионатының үшінші кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Sport12kz.

Бұл жөнінде Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті.

Тартысты өткен ойында Заңғар Аустралиялық жас жұлдыз Таики Такизаваны 7:5, 1:6, 6:3 есебімен жеңді.

Ширек финалға шығу үшін қазақстандық теннисші әлемдік жасөспірімдер рейтингінде 13-орында тұрған Сава Рыбкинмен кортқа шығады.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!