3 күн бұрын

Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің ширек финалында

Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің ширек финалында

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 5-орын) Australian Open-2026 турнирінің 1/8 финалында керемет жеңіске жетті.

Рыбакина төртінші айналымда Бельгия өкілі Элизе Мертенспен (21-орын) кездесіп, екі партияда да басым түсті — 6:1, 6:3. Ойын 1 сағат 17 минутқа созылды.

Осылайша, Қазақстан намысын қорғаушы спортшы ширек финалға шығып, сол кезеңде Польша өкілі Ига Швентек (2-орын) пен Австралия өкілі Мэддисон Инглис (168-орын) арасындағы жеңімпазға қарсы ойнайды. Кездесу Астана уақыты бойынша сағат 13:00-де басталады.

Еске салсақ, осы жылғы Australian Open турнирінің жеңімпазы 2 793 365 доллар сыйлықақы алады және 2000 рейтинг ұпайын иеленеді.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!