2 күн бұрын

Үстел теннисінен ӘЧ-да Қазақстанның қарсыластары белгілі болды

Үстел теннисінен ӘЧ-да Қазақстанның қарсыластары белгілі болды

Лондонда үстел теннисінен командалық әлем чемпионатының жеребесі тартылып, Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрамаларының алғашқы қарсыластары анықталды.

Әлемдік дода 28 сәуір мен 10 мамыр аралығында Ұлыбритания астанасында өтеді. Турнирге ерлер мен әйелдер арасынан 64 командадан қатысады.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстанның ерлер құрамасы 11-топқа түсті. Бұл топта отандастарымыз Египет, Таиланд және Түркия құрамаларымен сынға түседі. Ал әйелдер құрамасы 5-топта Чехия, Бразилия және Моңғолия командаларымен бірге өнер көрсетеді.

Турнир форматына сәйкес, сегіз көшбасшы құрама екі топқа бөлініп, айналмалы жүйе бойынша ойнайды және тікелей плей-офф кезеңіне жолдама алады. Қалған 56 команда 14 топқа бөлінеді. Әр топтың жеңімпазы 1/16 финалға тікелей өтсе, екінші орын алған құрамалар қосымша іріктеу кезеңінде бақ сынайды.

Плей-офф кезеңіне шыққан 32 команда жүлделі орындар үшін олимпиялық жүйе бойынша күрес жүргізеді.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!