2 күн бұрын

Теннистен Australian Open-де сенсация тіркелді

Теннистен Australian Open-де сенсация тіркелді

Әлемнің 12-ракеткасы, Украина өкілі Элина Свитолина 2026 жылғы Аустралия ашық чемпионатының ширек финалында сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz

Ол рейтингте үшінші орында тұрған америкалық Кори Гауффтан 6:1, 6:2 есебімен басым түсті.

Кездесу небәрі 59 минутқа созылды.

Мельбурндегі турнирдің жартылай финалында Элина Свитолина әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездеседі. Соболенко бұған дейін АҚШ өкілі Ива Йовичті жеңген болатын.

Айта кетейік, ертең таңғы 5:00-де Елена Рыбакина Польша өкілі Ига Швентекпен жолығады.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!