1 күн бұрын

Қазақстандық жас теннисші Australian Open ширек финалында

Қазақстандық жас теннисші Australian Open ширек финалында

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы (әлемдік рейтингте 1782-орын) Australian Open-2026 жасөспірімдер турнирінің ширек финалына жолдама алды.

1/8 финал кезеңінде 17 жастағы Нұрланұлы ресейлік Савва Рыбкинді (ATP рейтингінде 2195-орын) екі сетте айқын басымдықпен жеңді — 6:1, 6:4. Кездесу 1 сағат 19 минутқа созылды.

Енді қазақстандық теннисші жартылай финал жолдамасы үшін Гонконг өкілі Кай Томпсонмен (әлемдік рейтингте 1945-орын) кездеседі.

Айта кетейік, Заңғар Нұрланұлы турнирде 8-нөмірлі сеяный ойыншы болса, оның 1/8 финалдағы қарсыласы Савва Рыбкин 9-нөмірмен тіркелген.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!