1 күн бұрын
Елена Рыбакина тарихи жетістікке қол жеткізді
28 қаңтарда қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 5-орын) Australian Open турнирінің ширек финалында Польшаның өкілі Ига Швёнтекті (әлемнің екінші ракеткасы) сенімді түрде жеңді.
Кездесу екі сетте аяқталды — 7:5, 6:1. Осылайша, Рыбакина бірегей жетістікке жетіп, бір «Үлкен дулыға» турнирінде Ига Швёнтекті екі рет жеңген алғашқы теннисші атанды. Бұған дейін ол Швёнтекті Australian Open-2023 турнирінде де ұтқан болатын.
Жартылай финалда Елена Рыбакинаның қарсыласы америкалық теннисшілер — Джессика Пегула (WTA №6) мен Аманда Анисимова (WTA №4) арасындағы матчтың жеңімпазы болады.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!